Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция ұрыларды емес, көлік иесін қылмыстық жауапкершілікке тартты

Ресейдің Ленинград облысының тұрғыны үш айлық баласын көлік ішінде қалдырып, дүкенге кіріп кеткен. Сол арада ұрылар оның Cadillac Escalade көлігін айдап кетті.

Болған оқиғадан кейін 34 жастағы келіншек полицияға хабарласып, арыз түсірген. Ол көлік ішінде 3 айлық нәрестенің қалғанын да айтқан екен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жеткенде, арыз түсірген келіншектің көлігі орнында тұрған. Анықталғандай, ұрылар артқы орындықта жатқан сәбиді көріп, көлікті орнына қайтып әкелген. Ұрылар сол жердегі басқа көлікті айдап кетіп, ізін суытқан.

Сәби ешқандай зардап шеккен жоқ. Алайда полиция анасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Әйел адам сәбиін қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін жауапқа тартылатын болады.

Әзірше әйелден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Оқи отырыңыз:

Қытайлық әйел болашақ келінін көргеннен кейін қайтыс болып кетті

Мысық бесік арбада ұйықтап жатқан сәбиді тұншықтырып өлтірген

Аустралияда пойыз астына түсе жаздаған әйел аман қалды (видео)

Анасы мазасын алған 4 жасар ұлына пышақ сұғып алды

Талқылау