Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде іздеуде жүрген 9 қылмыскер БҚО-да қолға түсті

Ресейдің құқық қорғау органдары көптен бері іздестіріп жүрген 9 күдікті Батыс Қазақстан облысында ұсталды. Олардың ұзақ уақыт бойы осында жасырынып келгені анықталып отыр.

939a7765a15d87d410e64dddd2e461a0

Сурет: kyrtag.kg 

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Облыстық ІІД-нің дерегінше, ТМД елдерінің тәртіп сақшылары күш біріктірген «Іздестіру» шарасы барысында бас-аяғы 18 адам қолға түсті.

Ұсталған 9-дың екеуі 10 жылдан бері іздеуде жүрген. Полицейлер олардың ұрлық жасады деген күдікке ілінгенін айтып отыр. Сондай-ақ, атыраулық сақшылар іздестіріп келген 2 күдікті Орал қаласынан табылды.

Бұдан бөлек облыстық Ішкі істер департаменті тарапынан іздеуде болған 6 адам қолға түсті. Хабар-ошарсыз кеткен тағы 4 адамның мекен-жайы анықталған. Олардың біреуінің Ресейде жүргені белгілі болды.

“Облыс аумағында полиция қызметкерлері РФ құқық қорғау органдарының іздеуінде болған 9 қылмыскерді ұстады. Соның ішінде ресейлік әріптестеріміздің көмегімен РФ Самара облысында 7 миллион теңгені жымқырып кеткен Орал қаласының ІІБ іздеуінде тұрған азамат Гроздов анықталып ұсталды”, – дейді  БҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілі Асылай Ғұбашева.

Талқылау