Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы 13 жастағы қызының пәктігін сатып ақша таппақ болған

Ресейдің Челябинск облысының тұрғыны Ирина Гладких өзінің 13 жастағы қызының пәктігін сатып, ақша таппақ болған. Әйелге қызының пәктігін сатып алатын адамды табуға құрбысы көмектескен.

Сурет: ntv.ru

Анасы қызының пәктігін 1,5 млн рубльге (8 745 000 теңге) бағалаған. Ол клиент тапқаннан кейін, құрбысымен бірге Мәскеуге аттанған. Клиентпен кездесу дәмханада өткен. Ирина өзімен бірге қызының пәктігін дәлелдейтін медициналық анықтамаларды ала келіпті.

Қуанышқа орай, «клиент» полиция қызметкері болып шыққан. Екі әйел ақшаны алғаннан кейін бірден тұтқындалған. Қазіргі уақытта оларды бас бостандығынан айыру туралы мәселе шешіліп жатыр. Ирина мен оның құрбысына кәмелет жасқа толмаған баланы секусалды тұрғыда пайдалану мақсатында сатпақ болды деп күдіктелуде.

Белгілі болғандай, Ирина Гладких – жалғызбасты ана. Ол ресми түрде еш жерде жұмыс істемейді. Нақтыланбаған мәліметтер бойынша, ол жезөкшеліпен айналысқан және қызының пәктігін сатыр алатын адамды өз клиенттерінің арасынан іздеген.

Сонымен қатар бұған дейін Иринаның өз қызын шетелдік азаматқа сатып жібермек болғаны анықталды. Алайда олар бағаға келіспей қалыпты.

Ендігі тұтқындалғандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Астанада боранда жұмысқа шыққан электрик үсіп өлді

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты

Ақтөбеде полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін аралауға кірісті

Назарбаев пен Трамптың келіссөзінде қандай мәселелер талқылануы мүмкін екені белгілі болды

Геннадий Головкин Шымкентте дүркіреп өткен тойға арнайы қонақ болып келді

Талқылау