Ресейде үш жасар бала тайганы үш күн бойы аралаған

Сейсенбі, 27 Қыркүйек , 2016 9:46

Ресейде төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері тайгада адасып кеткен үш жасар баланы құтқарып қалды.

berns-puika-rudens-lapas-pastaiga-46592903

Фото: g4.delphi.lv

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тува республикасы Хут ауылында тұратын Церин есімді балақай үш күнін тайгада өткізген. Итпен ойнап жүрген ол әжесінен қашып адасып кеткен. Ну орман ішін тінтіп шығуға құтқарушылар мен полицейлердің барлық күші жұмылдырылған.

Бала іздеу операциясына қатысқан өз ағасының дауысын танып қалған. Оны тікұшақпен жедел түрде медициналық мекемеге жеткізеді. Мамандар бала қорықпағандықтан аман қалды дейді. Орман ішіне кіріп кеткен ол қалтасындағы шоколадты талғажау етіп, талдың түбінде ұйықтаған.

“Баланы табу үшін 100 адам, 12 техника бірлігі, бір тікұшақ жұмылдырылды. Бақытқа орай балақай аман-есен табылды. Ол өзі тұратын елді-мекеннен 3 шақырымға дейін ұзап кетіпті”, – дейді Тува республикасы ТЖМ басшысының орынбасары Владимир Соднам.

Оқи отырыңыздар:

17 жастағы “Мәскеу аруы” пәктігін сату үшін Дубайға кетті (фото)

Француз ғалымы перғауын оқиғасын зерттеген соң ислам дінін қабылдаған

Ресейде жасөспірім сүйікті қызына ұнау үшін 23-ші қабаттан құлаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар