Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей туристері Швейцарияның қымбат қонақ үйінде саңырауқұлақтар тұздаған

Ресей туристерінің қылығы Швейцариядағы бесжұлдызды қонақ үй қызметкерлерін қайран қалдырған. Оған себеп – туристер қонақ үйдің жуынатын бөлмесінде саңырауқұлақтарды тұздауы.

 

Бұл туралы Лента.ру тілшісіне BSI group туроператорының Франция мен Швейцариядағы бөлім жетекшісі Наталья Бродская хабарлаған.

Оның сөзіне сүйенсек, 50 жас шамасындағы жұбайлар Альпах қонақ үйіне тоқтаған. Орманға серуенге шыққан қос жұп саңырауқұлақ терумен айналысқан.
«Орманда басқа ешкім болмаған. Яғни бүкіл саңырауқұлақтарды біздің қонақтарымыздың теріп алғандығы анық», – дейді Бродская.

ui-57ad6722f35f51.97008354
Туристер орманға бірнеше рет барған. Жинаған саңырауқұлақтарының көптігі соншалық, жұбайлар оны жеп тауыса алмаған. Сол сәтте туристер саңырауқұлақтарды қонақ үй бөлмесіндегі ваннада тұздаған.

Бродскаяның мәліметінше, жұбайлар дәл осы швейцариялық қонақ үйге тағы да келмек ниетте.

Жіберіп алмаңыз: 

Ғалымдар ақылды адамдардың не себепті ғашық болуы қиын екенін анықтады

Алғашқы 7 секундта адам жүрегін жаулаудың 7 тәсілі

Өнертапқыш Колин Фарз ауласына алып әткеншек орнатып, жұртты шошытты (видео)

Талқылау