Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей тауықтарынан қауіпті бактериялар табылды

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағына бірқатар импорттаушылардың мал шаруашылығы өнімдерін импорттауға уақытша шектеулер енгізді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ресей тауықтарынан қауіпті бактериялар табылды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің енгізген шектеулеріне сәйкес, бес ресейлік экспорттаушылардың өнімдері қара тізімге ілінді.

Олардың бірі «Брянский бройлер» ЖШС, РФ бройлер балапанапың ұшасы. Аталған компанияның бұл өнімдерінен колиформ бактериялары табылып, жалпы бактериалды ластанудың болғаны белгілі болды.

Ал, «Инжавский құс фабрикасы» АҚ, РФ сондай-ақ «Приосколье» ЖАҚ тауық қанаттарынан, бройлер балапанапың ұшасынан, терісі бар жамбас етінен сальмонелла, колиформ бактериялары табылып, жалпы бактериалды ластану болғаны анықталды.

Сонымен қатар, «Чебаркульская птица» ЖШС, РФ бройлер балапанының еті, тауық қанаттарынан сальмонелла және колиформалық бактериялар табылса, «Царицыно» ААҚ РФ Царицыно тауық шұжықшасы (сосиска) мен «Чесночек» пісірілген шұжығының құрамынан шошқа ДНҚ-сы анықталды.

Аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі импорттаушы елдің бақылаушы органдарына тиісті өтініш жіберді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. t.me/stankznews

STAN.KZ
Сенбі, 09 Маусым, 2018 17:49
Талқылау