Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей СІМ Иманғали Тасмағамбетовті марапаттады

Елші қос ел арасындағы стратегиялық және одақтық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгі иеленді.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей сыртқы істер министрлігі тарапынан “Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлады РФ СІМ баспасөз қызметі.

Марапат Тасмағамбетовке 11 желтоқсан күні РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасинмен кездесу барысында ұсынылды.

“Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің шешімімен ынтымақтас Қазақстанның елшісі қос ел арасындағы стратегиялық және одақтық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі, мәдени диалогты кеңейтуі, сондай-ақ ортақ интеграциялық бірлестіктер аясында өзара ынтымақтастығы үшін осы төсбелгімен марапатталады”, — делінген хабарламада.

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше әрі өкілетті елшісі болып 2017 жылы 3 ақпанда тағайындалған, оған дейін вице-премьер лауазымын иеленген.

Оқи отырыңыз:

Франциялық қыз қуыршаққа ұқсау үшін 45 мың доллар жұмсаған (фото)

Құлағымен су ішіп, сыбызғыда ойнайтын қытайлық желі қолданушыларын таңдандырды (видео)

Британиялық әйел қайтыс болған әкесінің мәйітінің күлінен ойыншық жасап, анасына тарту еткен

Тамақты тез шұқып жейтін үйрек желі қолданушыларын күлдірді (видео)

 

 

Талқылау