Ресей президентінің баспасөз хатшысы Путин мен Ердоғанның кездесуінде ұйықтап қалды (фото, видео)
10 қазан күні Стамбұлда Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған баспасөз мәслихатын өткізді. Алайда бұл кездесу Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков үшін аса қызықты бола қоймаған секілді.

Фото: Аргументы и Факты
Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.
Баспасөз мәслихаты кезінде Песковтың бірнеше мәрте көзі ілініп кеткен. Және бұл жағдай журналистердің таспасынан да тыс қалмапты.
Ердоған сөз алған мезетте Песковтың көзі ілініп кетіп отырды.

Песковпен бір қатарда отырған сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл жағдайды анық байқады, алайда оның әрекетіне ештеңе демеді.

Путин сөз алған кезде де ол қалғып-мүлгуін жалғастыра берді.

Путин сөйлеп болған кезде Песков сергігісі келген сыңай танытқан, бірақ мұнысын көзін ашпай-ақ жасай салды.

Путин мен Ердоған қол алысып, зал дүркірете қол соққан кезде ғана барып Песков та оянды. Сосын көпшілікпен бірге залдан шығып кетті.
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан Рудныйға көшірілген қандастар азаматтық ала алмай жүр
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады