Ресей Байқоңырды жалға алуды тоқтатуы мүмкін
Қазақстанның цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Марат Нұрғожин Ресейдің Байқоңырды жалға алуды тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Вице-министрдің сөзінше, Байқоңырды жалға беруді тоқтату кезең-кезеңімен жүзеге асады. Әзірге бұл мәселе қазақстандық мемлекеттік органдарда талқыланып жатыр.
"Қазақстан тарапы аталған мәселені Роскосмоспен ауызша тәртіпте талқылады. Бұл оңай мәселе емес. Өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан бірқатар талқылаудан өткен соң мәлімдейтін боламыз", - дейді Марат Нұрғожин.
Айта кетсек, әскерилерді "Бойқоңыр" ғарыш айлағынан шығару жөніндегі мәселе алғаш рет талқыланып отырған жоқ.
Қазақстандық белсенді баласына Түркияда полиция қысым көрсетіп жатқанын айтып, көмек сұрады
Бұған дейін қазақстандық жігіт Молдовада пана сұрап, өтініш берген
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
