Рембрандт картинасынан iPhone байқалып қалды
Apple компаниясының басшысы Тим Кук Амстердамға жасаған сапары кезінде Рембрандт картиналарының бірінен iPhone телефонын байқап қалғанын айтыпты.

Сурет Твиттер
Кук, демек гаджет 17 ғасырдың өзінде пайда болған деп әзілдейді.
“Өткенде біз Нелли екеуміз Рембрандтың картинасын көруге бардық. Мен бір кезде оның роботын көріп таңқалдым. Оның қолында iPhone болды”, – дейді Кук.
Наурыз айының басында Reddit қолданушылары 1969 жылы шыққан чехословакиялық фантастикалық “Ханым, Эйнштейнді мен өлдірдім” фильмінде кәдуілгі селфи жасайтын моноподқа ұқсас заттың фильмде пайдаланылғанын байқап қалған.

Сурет trud.ru
Тим Кук Apple компаниясына 1998 жылы келді. 2011 жылы Стив Джобс ауырып отставкаға кеткеннен кейін Кук компанияның бас директоры болып сайланды. 2014 жылы ол CNN нұсқасы бойынша әлемдегі үздік атқарушы директор атағын иеленді.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты