Рано Омарова тұңғышына қалай дайындалып жүргенін көрсетті (видео)
Наурыздың 5 жұлдызында сырға салынған Рано Омарова жүкті екенін айтып, тұңғышын дүниеге әкелуге қалай дайындалып жүргенін көрсетті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші тұңғышын дүниеге әкелген кезде қиналмау үшін алдын ала сақтық шараларына кіріскен-ді. Осыған орай, жаттығу залына барып арнайы мамандармен жұмыс істеп жүр.
“Жаттығу жұмыстары – жүкті әйелдің ғана емес, оның әлі дүниеге келіп үлгермеген сәбиінің денсаулығы жақсы болуын қамтамасыз етеді. Физикалық жаттығуларды жүктіліктің кез келген айында жасай беруге болады. Жаттығудың қандай болатындығы әйелдің физикалық дайындығымен тікелей байланысты. Оның арқасында жүктілік кезінде артық салмақ пен терінің созылуы болмайды. Мұнымен қатар, тыныс алу мүшелері де қалпына келеді. Мұның маңызы өте зор. Дұрыс тыныс алудың арқасында босанған кезде қиналмайды. Бір шетінен балада асфиксияның пайда болу қаупі төмендейді”, – дейді әнші Рано Омарова.
Өзі барып жүрген жаттығу залының мамандары арнайы бағдарлама әзірлеген екен. Әнші спортпен айналысып көрмеген жандарға мұндай жаттығулармен айналыспауға кеңес берді.
“Физикалық жаттығулар адамның психологияық жағдайына да әсер етеді. Мұндай спортпен тұрақты түрде айналысатын әйелдер өздерін сергек сезінеді”, – деп аталған жаттығулардың тікелей өзінің көңіл-күйіне де әсер етіп жатқанын айтты.
Естеріңізге сала кетсек, Рано Омароваға сырға салынғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Әнші сүйіктісін халықтан әлі күнге дейін жасырып келеді.