Рано Омарова әріптестеріне көйлектерін сатып, ақшаны науқас балаға беруді ұсынды

Дүйсенбі, 15 Мамыр , 2017 14:17

Рано Омарова ауыр дертке шалдыққан жеткіншекке көмектеспек. Ол үшін Рано гардеробындағы киімін сатып, түскен қаражатты кішкентай Оразәлінің еміне жұмсамақ. Актриса өнердегі өзге әріптестерін де жақсылық жасауға шақырды.

18443271_119488428625096_232551880415248384_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Бұл баланың ауруы туралы оқып, Оразәлінің денесіне тігілген түтікшелерді медбикелер өңдеп жатқанын, балапанның аурудан жылап жатқанын, ал оның анасы Гүлнардың елден жалынып көмек сұрағанын видеодан көргенде көз жасымды тоқтата алмадым. Бұл балаға көмектесіп, жарасын жеңілдеткім келіп кетті, тезірек сауықса деймін», – деп бастады сөзін Рано.

Әдетте елге танымал тұлғалар қайырымды істі парақшасына жария етіп қоятын. Актрисаның айтуынша, бұл тәсіл тиімсіз. Одан көп қаражат түспейді. Сондықтан Рано киілген киімдерін сатып, нақты іске кіріспек.

«Қайырымды іске барынша көп адам жұмылғанын қалар едім. Дәл осы себепті қайырымдылық эстафетасын бастағым келіп отыр. Оған елге белгілі тұлғалар мен біздің сүйікті оқырмандарымыз да қатысар еді», – деп жалғады  сөзін Рано.

Актриса сатылымға шығаратын көйлегін көрсетіп, ол үшін 25 мың теңге сұраған. Алайда желі оқырмандары киілген көйлек үшін бұл бағаны көпсінгендіктен, Рано олардан өз бағаларын ұсынуды өтінді. Ол ең жоғарғы баға ұсынған жанға көйлегін бермек.

«Мыңдаған, тіпті, миллиондаған оқырманы бар әрбір әртісте, блогерде, қоғам қайраткерінде бір рет қана киіліп, гардеробта орын алып тұрған киімдер бар. Сондықтан бұл эстафетаны кей әріптестеріме жолдаймын. Олар бұл бастамамды қолдап, Оразәлінің шотына ақша аударады деп үміттенемін», – деп түйіндеді сөзін Рано.

Актриса қайырымдылық эстафетасын өнердегі құрбылары – Аша Матай, Луина, Әсел Сәдуақасова, Ділназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова мен Лидоға жолдады.

Айта кетейік, Кореяда ем алып жатқан Оразәлі апластикалық анемия және Пирсон синдромына шалдыққан. Оған осы күнге дейін 30 ота жасалған. Анасы Оразәлінің жанында боламын деп елде қалған өзге балаларына жете алмай отырған көрінеді. Бұл балаға айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева да көмектескен еді.

Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев балгерлік қасиеті бар екенін айтып мақтанды

Жігер Ауыпбаев өзі туралы жалған ақпарат таратқан адаммен жаға ұстасып қалды

Рано Омарова тұңғышының тұсаукесер тойын жасады (фото)

Мақпал Жүнісова мен Қайрат Нұртастың дуэті көпшілікке ұнап қалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар