Пышақтап тастады: Ақтөбеде жасөспірімдер арасында тағы төбелес болды
29 қаңтар күні ауруханаға пышақ жарақатын алған тағы бір жасөспірім жеткізілді.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтарда болған жасөспірімдер төбелесіне қатысты тергеу жүріп жатыр.
“Іске қатысты 2002 жылы туған жасөспірім ұсталды. Ол колледже оқиды. Жанжал кезінде жасөспірімге пышақ сұғып алған. “Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру” бабы бойынша тергеу басталды.
Бұл өңірде болған алғашқы оқиға емес. 26 қаңтарда мектеп оқушыларының төбелесі кезінде бір бала жарақаттанып, ауруханада көз жұмған еді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты