Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин балық аулауға шығып, шортан балығының соңынан жүгірді (фото)

Желіде Ресей президентінің демалысында балық аулаған сәті қызу талқыланды.

_97222410_ac339d6b-5fd8-4b62-a00b-40bfd6a8941f

Бастапқыда көпшілік бұл суреттің ертеректе түсірілгенін айтып жатты. Путиннің сымбатына қарап, бұл оның жастау кезі екенін айтқандар болды. Алайда Кремль суреттердің жаңа екенін, Тыва қаласында 1-3 тамыз күні түсірілгенін мәлімдеді.

_97222412_61e0ecc9-3842-4152-88d0-af56731b0093

Шетелдік БАҚ-та бұл суреттерді талқылай бастады.

«64 жастағы Путин пиар жасаудың шебері. Ол жоғары рейтинг жинау үшін өзін әлі де қайратты етіп көрсеткісі келеді», – деп жазады Рейтер агенттігі.

_97222625_4cac1d61-f9a8-498a-98ca-0bdfaf5beaae

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин балық аулап қана қоймай, өзенді кешіп, суға түскен.

Ресей арналары Путиннің шортан балығын қалай қуғанын таласа көрсетіп жатты.

Желіде оған әзіл сурет жариялағандар да болды.

_97222408_c925db49-b15a-47e6-9630-642def4bc4da

«Путин шортан балығын ұстап, үш тілек айтып жөніне жіберді», – дейді желі қолданушылары.

«Владимир Владимирович шортанның соңынан екі сағат қуатындай одан не сұрайын деді екен?», – деп жазады енді бірі.

Тағы да оқыңыз:

Жас жігіт жүйткіп бара жатқан Hummer көлігінің үстіне шығып алды (видео)

Фотограф британдық модельді ұрлап кетіп аукционға қойды

Бахрейнде жоғалып кеткен қыз Қазақстанға оралды

Талқылау