Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психологтар адамдардың неліктен жұмыс уақытына қарағанда, демалыста көп шаршайтынын түсіндірді

Тильбург университетінің ғалымдары адамдардың жұмысқа қарағанда не үшін демалыс уақытында көп шаршап қалатынын түсіндірді.

Психологтар адамдар неліктен жұмыс уақытына қарағанда, демалыста көп шаршайтынын айтты

Бұл туралы The Sun хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бірінші кезекте, мұндай «ауруға» бос уақыты аз адамдар ұшырайды. Мұндай адамдар бар күшін жұмыс уақытында жұмсайтындықтан, олар демалыс бастала сала тез шаршап, тіпті ауырып қалады.

Демалыс кезіндегі қатты шаршау күнделікті ұйқының қанбауына да байланысты.
Бұл жағдайда, адамдар тіпті демалыс кезінде де ұзақ ұйықтайтын болса, дене өзін әлсіз сезінеді.

Сонымен қатар, мамандар осындай құбылыстың пайда болуының тағы бір себебін – алкогольмен байланыстырды. Себебі, ішімдік ішкен адам дұрыс ұйықтай алмайды.

Сондай-ақ, йодтың жетіспеушілігі кейіннен қалқанша безінің дұрыс жұмыс істемейіне әкеліп, созылмалы шаршау синдромының пайда болуына себеп болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау