Президенттің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды
Мақсат Сқақов Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесші болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы Қазақстан Республикасы президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.
"Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақовты өзімнің штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым. Ол қоғаммен байланыс жөніндегі жұмыстармен айналысады", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде.
Бұған дейін Мақсат Нұрлыбекұлы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан