Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президенттікке кандидаттардың теледебатына 41 млн теңге бөлінеді

Қазақстан президенттігіне кандидаттардың арасындағы теледебатты өткізуге 41 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы "Хабар" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

Ол бұл сомаға телеөнімді жасау ғана емес, оны таратуға кететін шығындар да кіретінін айтты. 

"Дебат, пікірталас секілді осындай күрделі форматтағы телевизиялық өнім жасау телеарналар үшін өте үлкен шығын әкелетінін бәріміз жақсы білеміз. Сол себепті осы дебатқа LED-экрандарды қолдана отырып үлкен декорацияны әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Көрермен сапалы әрі қызықты контент алуы үшін қазіргі заманғы жарық технологияларын қолданғымыз келеді.

Барлық елде дебаттар телевизиялық шоу түрінде өтетінін бәріңіз жақсы білесіздер. Бәрі бірдей қатысушылардың не айтатынына ғана тәуелді емес, сондай-ақ визуалды жеткізу де өз деңгейінде болуы тиіс", - деді Ринат Кертаев ОСК отырысында. 

Ол осы мақсатта телевидениенің әртүрлі саласындағы үздік мамандар шақырылатынын айтты. Бұл сома басқа елдердегі дебат бюджеттеріне қарағанды "ондай қымбат емес екенін" жеткізді.

Еске сала кетсек, осыған дейін президенттікке кандидаттар арасындағы теледебат 29 мамырда өтетіні хабарланған болатын.

Талқылау