Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президенттердің балалары қалай өмір сүреді (фото)

Көптеген мемлекет басшылары өздерінің отбасы және жеке өмірлері туралы ақпарат таратпауға тырысады.

Бұл туралы Caravan.kz жазады.

Жақында қазақстандық БАҚ-та Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековтың әйелі мен қызының да суреті пайда болып үлгерді.

Саясаткердің қызы Бақтыгүлдің суреті желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып үлгерді. Бойжеткен Борис Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінде оқиды. Ол депутат Алиярбек Абжалиевтің ұлы Атабекке тұрмысқа шыққан.

Мария және Екатерина Путина – Ресей Федерациясы президентінің қыздары.

БАҚ ақпараты бойынша қыздар Санкт-Петербургтегі неміс тілін тереңдетіп оқытатын мектепте білім алған. Марияның екі жоғары білімі бар: биолог және медицина маманы. Ал Екатерина Санкт-Петербургте шығыстану факультетінде оқыған. Екеуі де сырттай бітіріп шыққан.

Қазіргі кезде Путиннің үлкен қызы Мария голландиялық бизнесмен Йоррит Йоост Фассенге тұрмысқа шыққан. Ал Катя туралы ақпарат өте аз.

Си Минцзэ – ҚХР төрағасының қызы. Ол 1992 жылы туған. 2008 жылы 16 жастағы Си Минцзэ жер сілкінісі болған аймаққа барып, ерікті ретінде жұмыс істеген. 2010 жылы ол Гарвардқа оқуға түседі. Ол Қытай басшысының қызы екенін жасыра отыра, психология мен ағылшын тілін меңгеріп шыққан.

Шахноза Мирзиёева – Өзбекстан президентінің қызы. Мирзиеевтің әйелі және балалары туралы ақпарат жоқтың қасы. Тек Шахноза, Саида есімді қыздары және Даврон деген ұлы бар екені ғана белгілі.

Гейдар, Лейла, Арзу Әлиевтер – Әзербайжан президентінің балалары. Сондай-ақ, суретте мемлекеттің бірінші ханымы Мехрибан Әлиева да бар.

Гейдар дипломатиялық академияда оқыса, қыздар «Kapitalbank» бенефициарлары болып жұмыс істейді. Сонымен қатар, үлкен қызы Лейла “Баку” журналының бас редакторы ретінде де жұмыс істейді.

Гүлджахон, Гүлшан және Сердар – Түркіменстан президентінің балалары. Суретте президенттің ұлы Сердар. Ал желіде қыздарының суреті мүлде жарияланбаған. Белгілісі үлкен қызы Лондонда, екінші қызы Парижде тұрады. Екеуі де тұрмысқа шыққан.

Ал Сердар ауылшаруашылығы министрінің орынбасары болып жұмыс істеген. Ал жазда ол сыртқы істер министрлігінің лауазымды орынтағына жайғасқан. Билік кейін Сердардың қолына өтуі мүмкін деген де сыбыс бар.

Оқи отырыңыз:

Сирияда өлтірілген бүлікші әйел ұлын бас кесуге 12 жыл бойы үйреткен

Ақтөбелік кәсіпкер анасы рактан қайтыс болған балаларға 2-қабатты зәулім үй салып берді (фото)

Қырғызстанның жаңа президенті Қазақстан мен Назарбаевқа деген көзқарасын білдірді

Әйел өзін тастап кеткен көңілдесінің интимді суреттерін жұбайы мен балаларына жіберген

Талқылау