Президент тікұшақ апатынан қайтыс болған адамдардың жанұясына материалдық көмек көрсетуді бұйырды
Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болғандардың жанұясына көңіл айтып, күйреген тікұшаққа қатысты тергеу жұмыстарын бастауды бұйырды, деп жазады Stan.kz.
Президент бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
В Кызылординской области потерпел крушение вертолёт министерства обороны. Выполнял полет в рамках военного учения по маршруту Актау- Шымкент. Экипаж вертолета погиб. Мною приказано начать расследование. Мои соболезнования семьям погибших. Им будет оказана материальная помощь.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 27 марта 2019 г.
"Қызылорда облысында қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады. Ақтау-Шымкент бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Тікұшақтың экипажы қайтыс болды. Тергеу жұмыстарын бастауды бұйырдым. Қайтыс болғандардың жанұясына көңіл айтамын. Оларға материалдық көмек көрсетіледі", — деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге, сала кетейік 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.