Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пойыз қағып өткендей болды: Головкиннен жеңілген Мартиросян оның соққысының күшіне қайран қалды

Америкалық боксшы  Ванес Мартиросян қазақстандық Геннадий Головкиннің соққысы «соншалықты күшті болады» деп күтпегенін айтты.

Пойыз қағып өткендей болды: Головкиннен жеңілген Мартиросян боксшының соққысының күшіне қайран қалды

Бұл туралы Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Головкин мен Мартиросянның Карсонда өткен жекпе-жегі қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Армения жерінің тумасы үшін бұл жеңіліс спорттық мансабындағы алғашқысы болып отыр.

«Мені пойыз қағып өткендей болды. Бір ғана соққысы емес, барлық соққысы күшті болды. Маған ешқашан мұншама қатты соққы берген емес», – дейді Мартиросян.

Сондай-ақ, ол Канелоның неліктен допинг қолданғанын түсінетінін айтты.

“Канело” әлі көп нәрсені дәлелдеуі тиіс. Енді мен оның неліктен “ондай ет жегенін” түсініп отырмын”, – дейді Мартиросян.

Айта кетсек, Головкин 20-сыншы рет өзінің чемпион титулын қорғап, әлемдік бокс бойынша тарихи рекорд орнатты.

Оқи отырыңыз:

Головкиннің рингке шыға салысымен қарсыласын нокаутқа жіберген видеосы пайда болды (видео)

Нағыз жекпе-жек болады деп ойладым: Головкин Мартиросянмен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

Головкин қарсыласын жеңіп, әлемдік бокс бойынша тарихи рекорд орнатты

Талқылау