Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фотограф британдық модельді ұрлап кетіп аукционға қойды (фото)

20 жастағы модель қыз Италияға түсірілімге келген. Оны фотограф ұрлап кетіп, аукционға қойды.

3592091_lukasz-herba-unos-unosce-modelka-velka-britanie-italie-milan-turin-v2

Польша тумасы Лукаш Херба модельді суретке түсіруі керек болған. Ол модельге кетамин екпесін салып, есінен танғанда ұрлап кеткен.

Херба модельді интернет-дүкенге 300 мың евро ақшаға аукционға қояды. Жоғалған қыздың агенті онымен хабарласа алмаған соң оған іздеу жариялайды. Ұрлап кеткен фотограф модельдің 2 жасар баласы бар екенін білген соң оны өз еркімен босатады. 17 шілде күні ол қызды Британия елшілігінің ғимаратына әкеледі. Өзі сол жерде ұсталды.

Италия билігі Херба «Қара өлім» қылмыстық тобының мүшесі болуы мүмкін деп жорамалдады. Қылмыстық топ интернет пен қара нарықта қылмыспен айналысып ақша табады.

Тағы да оқыңыз:

Ата-анасы күштеп күйеуге бермек болған қырғыз қызы жындыханаға түсті

Оралда анасы суға батқан бойжеткенді менің қызым деп таныған, бірақ қызы тірі болып шықты

Мәскеуде қырғыз жігіт ұйқыдағы ресейлік әйелдің аяғын сүйіп жатқан жерінен ұсталды

Талқылау