Польшалық жұп үйлену тойларына қазақтың ұлттық киімдерін киіп шықты (фото)

Жексенбі, 24 Шілде , 2016 11:08

Польшада үйленген жас жұбайлар тойға қазақтың ұлттық киімдерін киіп шықты. Агнешка Сломян мен Томаш Мазурэк бұл шешімге келулерінің себебін түсіндірді.

13627020_10208955850840757_87843

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Той Тшебинидегі Хэхло өзенінде. Шымбұлақ шатқалындағы таулы шың. Екі дала – су мен тау. Қазақ даласының белгісі…Ертегі!”, – деп жазды Агнешка үйлену тойындағы суретін Фейсбук парақшасына жариялап. Сурет екі бөлікке бөлінген. Бір жағында неке қию рәсімі, ал екіншісінде – Томаштың Агнешкаға ұсыныс жасаған күні.

нрнр

Екеуінің де Қазақстанды жақсы көргені соншалықты, Томаш қолын жүрегіне қойып тұрып ұсынысты Алматы тауына шығып жасаған. Ол кезде жарасымды жұп Қазақстанда “Полония Қазақстанда: өткені – қазіргісі – болашағы” акциясы аясында келген екен.

“Біз Қазақстанда болған кезімізде польшалық этномәдени орталықтарға барып, мұғалімдермен, дін өкілдерімен сөйлестік”, – дейді Сломян.

Агнешка мен Қазақстанның байланысы әріден бастау алады. Қазір оны қазақстандық поляктардың бәрі таниды десе де болғандай. Барлығы бойжеткеннің 2008 жылы Қазақстанға оқуға келуінен басталған. Оңтүстік астанада ол қазақ отбасымен бірге тұрып, магистрлік диссертациясын қазақтың салт-дәстүрлері туралы қорғап, қазақ тойлары туралы мақала жазған. Қазір ол Қазақстан аумағында орналасқан этномәдени орталықтар туралы докторлық жұмыс жазып жатыр. Бұл ретте ол Краков институтында Қазақстанмен байланысты әртүрлі жобалар мен шараларды да ұйымдастырып тұрады.

13626569_10208955848080688_74129

“Менің күйеуімді де Қазақстан қызықтырып, менімен бірге сонда барды. Мен қазақтың мәдениетін қатты жақсы көрдім, сол себепті той көйлегімнің де қазақша болуын қаладым. Біздің тойымыз Тшебинеде болды. Ол мен туған Катовица мен Томэк тұратын Краковтың ортасында. Тойымызға қазақстандық достарымыздың келе алмай қалғаны өкінішті”, – дейді Агнешка.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар