Полицияға айтпаңыз: Тәуекел Мүсілім достарымен бірге ұрлық жасағанын мойындады
Бүгінде ел алдында жүрген танымал жұлдыздар да бір кездері тентек оқушы болған. Мәселен, Тәуекел Мүсілім қатарластарымен бірге сан мәрте бұзықшылық жасаған. Сол сияқты, Аша Матайдың жары Арман Қоңырбаев өзінен кішілерге әлімжеттік көрсеткен.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Иә, дүкеннен зат ұрлағанбыз. Жалғыз мен емес, достарыммен бірге болдым. Мен де соның ішінде бармын. Футбол ойнап шыққаннан кейін бәліш салынған тәрелкені жігіттер алып шықты. Бары сол. Ол видеоны құқық қорғау органдарына көрсетпеңіздер”, – дейді Тәуекел Мүсілім.
Ал Арман Қоңырбаев өзінен кішілерге әлімжеттік көрсеткенін еске алады.
“Оқудан шыққан соң, басқа студенттердің есебінен тамақтанатынбыз. Бұл да рэкетке жатады, әрине дұрыс емес. Басымнан сондай кезең өтті, бірақ мен өзгердім. Мектепте, студент кезімде сондай істерге араластым, одан кейін қойдым”, – дейді Арман.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау