Полиция: Елімізде "ішіне жын кірген" адамдарды заңсыз емдейтін емшілер көбейді, ондайлар жазаланады
Соңғы уақыттарда қоғамда психологиялық ауытқуы бар адамдарды емдейтін, адамдардың ішіне кірген "жынды" шығаруға көмектесеміз деп жүрген дін ұстанушы азаматтарды көп кездестіреміз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы "емшілер" дұғаларды оқып, әртүрлі шөптен жасалған қоспаларды ішкізіп, сол үшін адамның шалдыққан ауруына байланысты 3000-10000 теңге аралығында төлем алады.
Мысалы үшін, мамыр айының соңында Ақтөбе қаласында деструктивті діни ағымды ұстанушы тұрғын емделушінің ішіне жын кірген деп, еріксіз үйге қамап, таяқпен ұрып, әртүрлі жағымсыз ұнтақ тектес қоспаларды ішкізген. Емделуші осы жағдайдан құтылғаннан кейін, полиция қызметкерлеріне жүгінген.
Нәтижесінде, "Емшіге" қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 424-бабына сәйкес, "заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысу" фактісі бойынша сот шешімімен айыппұл салынды.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді