Полиция Ақтөбедегі екі жүзге жуық адамның арасындағы жаппай төбелесті жоққа шығарды

Дүйсенбі күні полицейлер жастар жиналған жерге барып қайтты. Бірақ жұмыс барысында кастетті де, биталарды да тапқан жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Жергілікті басылым екі жүзге жуық студенттің қала ортасында төбелес ұйымдастыруды жоспарлағанын жазған еді. Сонымен қатар, кейбір жігіттердің көліктерінен пышақ, биталар мен кастеттердің табылғаны хабарланған.

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, дүйсенбі күні олар жастар жиналған жаққа барып қайтқан. Жігіттер мінген көлікке зер салған. Тексеріс кезінде жастардың біреуінен пышақ тапқан. Одан өзге ешқандай битаның, тыйым салынған заттың болмаған полиция департаментінің баспасөз-қызметі мәлімдейді.

Көлікте болған азаматтардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді. Студенттер басқа құқық бұзушылық әрекеттерді жасамаған соң, үйлеріне қайтарылды.

Полиция жасөспірімдер жасайтын қылмыстардың алдын-алумен жиі айналысатынын айтты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар