Полиция маньяк тапсырыспен ұрлап кеткен әйелді құтқарды

Дүйсенбі, 12 Маусым , 2017 13:36

Оңтүстік Каролина аймағында 7 адамды өлтіріп, бір бойжеткенді екі ай бойы сексуалдық құлдықта ұстаған қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты. Ол 7 мәрте өмір бойына сотталды. Бұл жазасына бойжеткенді қамап ұстағаны үшін 60 жыл қосылды.

40D55FC900000578-4544930-image-m-36_1495821190179

Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.

Тодд Кохлхепп екі ай бойы бойжеткенді сексуалдық құлдықта ұстаған. Оны полиция Оңтүстік Каролина аймағынан тауып алды. Қылмыскер бойжеткенді қамап ұстағанымен қоймай, бірнеше рет зорлаған. Өткен айда сот отырысы болып, оның 6 адамды өлтіргені анықталды. Тоддты полиция қызметкерлері 2016 жылдың қараша айынан бастап іздеген болатын. Соңғы рет өзі ұрлап әкеткен бойжеткеннің 32 жастағы жігітін өлтірген екен. Кохлхепп 30 жастағы Скот Пондерді, 52 жастағы Беверли Гайды, 30 жастағы Брайан Лукасты және 26 жастағы Крис Шербертті өлтіргенін мойындады. Мұнымен қатар, 29 жастағы Джони Джо мен 26 жастағы Мигэна Ли Маккароу-Коксидің өліміне қатысы бар екенін мойындады.

Қылмескер Браунды темір шынжырмен байлап ұстаған. Полиция Брауннан «Сүйіктіңнің қайда екенін білесің бе?» деп сұраған кезде, бойжеткен «Оны Тодд атып тастады. Бір емес, үш рет атты. Оқ кеудесіне тиді. Ал мені осы жерге қамап қойды. Осыдан кейін мен сүйіктімді көрген емеспін. Айтуынша, оны ешкім таба алмайтын жерге көміп тастаған» деп жауап берген.

Полиция Браунды босатпай тұрып үш адамның мүрдесін тауып алған. Тодд 20 куәгердің оның қылмысын растағанына қарамастан, соңына дейін кінәні мойындаудан бас тартып келген. Артынша өзі өлтірген адамдардың мүрдесін көшедегі қоқыс жәшігі мен жақын маңдағы молаларға апарып көміп тастағанын мойындаған. Ол, тіпті, 13 жыл бұрын жасаған қылмысын бүге-шүгесіне дейін айтып берген.

«Ол үлкен ғимарат болды. Мен небәрі 30 секундтың ішінде әлгі ғимараттың ішін адамдардан тазартып шықтым. Мен қылмысым үшін өкінемін. Бірақ, сол кезде сіздер менің айлакерлегіме таңқалған шығарсыздар. Мен құдды видео ойынның ішінде жүргендей күй кешетінмін», – дейді ол.

Сот төрағасы оны 7 мәрте өмір бойына бас бостандығынан айырды. Мұнымен қатар, бойжеткенді сексуалдық құлдықта ұстағаны үшін 60 жыл қосылды. Бастапқыда оған өлім жазасын тағайындамақ болған екен. Артынша кінәсін толықтай мойындағандықтан, жазасы жеңілдетілген. Оның үстіне Оңтүстік Каролинада соңғы 6 жылдың ішінде ешкімге өлім жазасы берілмеген екен.


Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда екі жігіт көше ортасында бір топ жігітпен төбелесті (видео)

Аралда мектеп директоры мұғалімдерге үйін салғызып жатыр (видео)

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың әйелдеріне тіл тигізген жігіт өлім жазасына кесілді

Астанада ЭКСПО-ға жапырақ байлап жалаңаш келген қонақтар елді таңғалдырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар