Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлерге Алматының кептелісін қалай шешуді үйреткен домбырашы жұртты тәнті етті (видео)

Алматыда танымал блогер-домбыршы қала көшелерінің бірінде орын алған «кептелісті» шешіп, жол полициясына үлгі көрсетті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Белгілі домбырашы полицейлерге Алматының кептелісін қалай шешу керектігін түсіндірді (видео)

Алматылық танымал домбырашы Андрей Фендриков (Ақын Ақыныч) қаладағы кептелісті көріп қалып, қозғалысты қадағалайтын жол полицейлерін іздеуге көшті. Ол кептеліс орын алған қиылыстан бірнеше метр қашықтықта тұрған полицейлерге жақындап, оларға жағдайды қалай реттеу керектігін түсіндірді.

Қысқаша әңгімелесуден кейін мәселе шешілді. Домбырашы жігіттің ескертуінен кейін полицейлер көшеге шығып, қозғалысты реттей бастады. Полицейлерге жол қозғалысын қалай реттеу керектігін үйретіп, Алматының көшесін кептелістен ашқан танымал домбырашы бұл әрекетімен жұртқа үлгі болды.

Домбырашының әрекетіне сүйсінген желі қолданушылары оған алғысын айтып, ізгі-тілектерін жаудырды.

«Жарайсың Ақыныч! Әр азамат сен секілді белсенді болсын. Жол полициясына өз міндеттерін осылай жиі естеріне түсіріп тұру керек. Сіз сияқты ержүрек азаматтарымыз көп болсын. Меніңше, көбісі осылай жасағысы келеді. Бірақ, күнделікті күйбең тіршілікпен бұл туралы ұмытып кетеді немесе жай ғана ұялады. Сіздің әрекетіңіз мені қатты қуантты, көп рахмет»,- дейді желі қолданушылары.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау