Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицейлер заңсыз алма сатқан қарияны соққыға жықты (фото)

Алматыда полиция қызметкерлері еш қымсынбастан, жұрттың көзінше қарияны соққыға жыққан. Бұл туралы Facebook желісінің қолданушысы Гүлнәр Әбішева өзінің жеке парақшасында жазған. Гүлнәр жантүршігерлік оқиғаның куәсі болыпты.

pogudx73dvesg0a5c.9b945238
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Барлықтарыңыздың назарларыңызға! 12 тамыз күні Самал 2 ықшамауданында Меңдіқұлов – Снегин көшелерінің қиылысындағы аулада тұрғындардың көзінше, құзырлы орган өкілдері заңға қайшы әрекет етті. Олар қарт адамды алма сатқаны үшін соққыға жығып, қолын сындырды. Ар-ұяттан жұрдай екі жас офицер осылайша, заңсыз тауар айналымымен күреспекші болды.

Егер өтіп бара жатқан ер адам, бойжеткен және қаланың беделді адамдары қарт кісіге жақтаспаса, онда еліміз тағы бір адамға кемитін еді. Алысқа бармайтын биліктің екі өкілі көшеде болып жатқан бассыздыққа араласқандардың бәріне сес көрсете бастады. Алайда, Құдайға шүкір бассыздық пен тәртіпсіздіктің одан әрі өршуіне жол бермейтін елімізде иманды және батыл адамдар әлі де бар екен.

Олар өз отбасын асыру үшін егде жасында есірткі немесе ішімдік емес, заңсыз алма сатқаны үшін айыпты болған бейбақ адамға арсыз, имансыз біздің полиция өкілдерінің одан әрі жәбір көрсетуіне жол бермеді. Тіпті ол заңды бұзған күннің өзінде де қартты соққыға жығып, мүгедек ету – бұл барып тұрған заңсыздық және бассыздық.

Құрметті Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, сонымен қатар қалалық ІІД басшысы С.М Күдебаев мырза, мына құзырлы орган өкілдерінің бассыздығына назар аударыңыздар, адамдарды қорқытуды доғарыңыздар! Сурет жазбаға қоса тіркеледі”, – деп жазған желі қолданушысы өзінің парақшасында.

полиция2 полиция
pogudx55lr6tpk564.d66efcf6

Жіберіп алмаңыз:

Астанада қарақшылық шабуыл жасаған адам ломбардта қамалып қалды

Маңғыстау облысында бір отбасының 4 мүшесі жол апатынан қаза болды

Астанада белгісіз ер адам Қорғаныс министрлігі ғимаратының алдында дарға асылып қалды

 

Талқылау