Полицейлер Алматыда қоқыстан табылған басы кесілген адамның кім екенін анықтады
Полицейлер Алматыдағы қоқыс арасынан табылған денесі бөлшектенген адамның кім екенін анықтады.

Құқық қорғау органдары анықталған адамның аты-жөнін әзірге жариялаған жоқ. Ол жақын уақытта белгілі болады. ҚР ІІД-нің ресми өкілі Алмас Садубаевтың айтуынша, қоқыстан табылған ер адамның бөлшектенген денесіне байланысты «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Полицейлер ер адамның қай пәтерде өлтірілгенін анықтады. Көршілерінің айтуынша, пәтер иелері жиі ауысып тұрған. Соңғы уақытта пәтерді жала берген екен.
Бұған дейін Алматыда қоқыс жәшігінен кесілген адам басы мен қолы табылғанын хабарлаған едік. Оны қоқыс ақтарып жүрген ер адам тапқан. Айтуынша, спортық сөмке ішінде шүберекке оралған екі пакет болған. Оның бірінде 25-30 жас шамасындағы ер адамның басы, екіншісіне қолы салыныпты.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде