Полицей су түбінен неке жүзігін тауып беріп тойдың болмай қалуына жол бермеді (фото)

Сейсенбі, 9 Тамыз , 2016 18:57

Бойжеткеннің гауҺар тасты неке жүзігін қайтару үшін Бристоль полициясына бұғаздың түбіне дейін түсуге тура келді. 35-жастағы Никола Хэзелл жүзігін спорттың ескек есу түрімен айналысып жатқан кезде Бристоль бұғазында таңғы уақытта жоғалтып алған.

543

Ол жүзікті сөмкесіне салып қойсын деп құрбысына берген екен, екеуінің жағаға жеткені сол еді, Никола құрбысынан жүзікті қайтарып беруін сұрады. Алайда жүзік еш жерден табылмады.
Қапаланған қыз порт капитанына жүгінген. Ол өз кезегінде қол ұшын беруге келісіп, жергілікті сүңгуір-полицейлерді көмекке шақырған. Портта жаттығып жатқан суасты іздеу жасағының мүшелеріне Николаның жүзігін табу тапсырылды. Ең қызығы да сол – мақсат орындалды.

642
Никола 29-жастағы Дункан Мердокқа бір жарым айдан кейін тұрмысқа шығуы тиіс. Өз сөзінде ол: «Жүзікті жоғалтуым бір сұмдық болды. Қатты қайғырдым. Бұл классикалық үлгідегі әдемі сақина. Оны қай жерде жоғалтқанымды түсіне алмай дал болдым. «Оны енді қалай қайтарамын?» деп ойладым. Оны таба алмайтыныма сенгім келмеді. Мұндай маңызды затты жоғалту көңіліме үлкен қаяу түсірді” дейді.

450
Никола ірі гауҺар тасты жүзігін 9 шілде күні жоғалтып алған еді. Бірнеше сағат бойы құрбыларымен іздестіру жұмыстарын жүргізген оның бұл қадамы сәтсіз аяқталды. Порт капитаны қыздың әлеуметтік желіде жариялаған мұңлы хикаясын оқып, көмек қолын созған. Никола сүңгуірлермен портта кездесіп, шамамен 25 × 5 көлеміндегі су аймағын көрсеткен. Расымен де қыз жүзігін сол жерде жоғалтып алған екен.

1141

Сүңгуірлер «жүзікті табуымыз екіталай» деп бойжеткенге ескерту жасағанымен, небәрі 45 минуттан кейін Майк Ловлесс есімді азамат оны тауып әкелді.

 
«Олар мені шақырып, жүзігімді тапқандарын айтқан кезде еріксіз жылап жібердім. Қатты таңғалдым. Бұл бір ғажап дүние болды. «Келіп, затты растаңыз», – деді маған. Содан жылай бастадым. Ал жүзігімді көргенде дірілдеп, қайта-қайта оған қарай бердім. Бұдан былай спортпен айналысатын болсам, жүзігімді өзіммен бірге алып шықпаймын. Мұны өте қауіпсіз жерде сақтаймын», — дейді қалыңдық.

 
«Бос саусақпен жүруді ұнатпайтын едім, сол себепті Дункан маған 8,99 фунт стерлингке Argos универмагынан басқа жүзік алып берді. Мен оны бірден шештім. Сүңгуірлерге деген ризашылығымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Жүзігімді тауып бергеніне әлі де сене алар емеспін. Олардың алдында мәңгілік қарыздармын. Ғажап!», – дейді бойжеткен.

 
«Оны таба алатынымызға сенімді болған жоқпын, әйтсе де таптық. Су түбінде бақалшықтар көп, жүзік те солардың арасынан табылды. Мен оның қасынан жүзіп те өткенмін. Қайтар жолда тіміскілеп қарай бастадым, жүзікті де сол кезде тауып алдым. Қатты таңырқадым әрі оның иесі үшін қуандым», – дейді жүзікті тапқан сүңгуір Майкл Ловлесс.

 
Никола мен Дунканның тойы 23 қыркүйекке белгіленген. Той күніне дейін қос ғашық бағалы заттарын жоғалтпайды деп үміттенеміз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар