Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Подобедова допинг дауына қатысты пікірін білдірді

Инстаграмдағы жеке парақшасында қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова допинг дауына қатысты өз пікірін білдірді.

чемпион

«Бұл ақпаратты естігенде төбемнен жай түскендей болды. Мына жағдайда тіпті не істейтінімді де білмеймін. 2009 жылдан бастап Қазақстан атынан сынға түсе бастадым, осыған дейін барлық лицензиялық турнирлерде, соның ішінде 2012 жылғы Олимпиада ойындарында да допинг-тестерден бірнеше рет өттім. Барлық сынамам да бойымда допинг жоғы анықталған еді. қайта тексеру процедурасын, спортшыларды қай принциппен іріктегені маған мүлде түсініксіз. 4 жыл өтті… Бұл тұтас бір кезең…  неге Рио Олимпиадасына  екі-ақ ай қалғанда осындай даудың шетін шығарып отыр. … Менің берер жауабымнан гөрі қояр сұрағым көп. Алайда ТМД-ның белгілі спортшылары уақытша жарыстардан шеттетіліп отырғаны шындық. Осы сәттен бастап мен өз құқымды қорғаймын. Спорт әлемінде тұтанған дау-жанжал өртіне қарамастан, жаттығуымды жалғастыра беремін!, – деп жазды Светлана.

Бұған дейін атақты спортшы Илья Ильин де осы мәселеге қатысты пікірін білдірген еді.

Естеріңізге салып өтсек, Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан чемпион атанған қазақстандық спортшылардың допинг-тесті қайта тексеріліп, ол оң нәтиже көрсетті.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының мәліметінше, (IWF) 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындары үшін алынған сынамаларға сәйкес, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украинаның он спортшысының допинг-тесті оң нәтиже көрсеткен.

Жарыстан шеттетілген спортшылардың қатарында қазақстандық төрт спортшы – Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова және Майя Манеза бар. Қосымша жасалған сынама төрт спортшыда да – станозол, ал Ильинде бұған қоса дегидрохлорометилтестостерон және Чиншанлода оксандролон барын анықтап отыр.+

 

 

Талқылау