Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пластикалық ота жасатқан Луина: Омырауым әлі де кішкентай

Кеудесін үлкейту үшін пластикалық ота жасатқан Луина бүгінде өміріне дән риза. Әнші өзіне сенімді бола түскенін айтады.

Луина

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Алғашқы кезде ісіп тұрды, қыздардың бәрі үркіп қарады. Әсіресе, менің туған күнімде қатты білініп тұрды. Үрленген шар сияқты… Ең бастысы, қазір мен қай көйлек жарасымды немесе жарасымсыз деп ойланбайтын болдым. Себебі ол мен үшін проблема болатын. Әрине, соншалықты ауқымды проблема емес, дегенмен де… Бұл мені өзгертті, өзімді 200%-ға сезінемін”, – дейді Луина.

Бір қызығы, пластикалық ота жасатқан Луина хирургқа жүгінетін жұмысының мұнымен шектелмейтінін айтып қалды. Себебі кеудесінің өлшемі өзіне әлі де кішкентай көрінеді екен.

“Керек дәрежеде үлкейтпеген сияқтымын. Әрине, қатты үлкен де керек емес. Бірақ қазіргісіне үйреніп қалғаным соншалық, кішірек көрінеді. Бірақ Құдай сақтасын, енді бұл отаны ешқашан да жасатпаймын. Тоқтау керектігін түсіну керек. Мүмкін болашақта балалы болып, оны емізгеннен кейін бірдеңе өзгерсе, сол кезде жасататын шығармын. Ал қазір жоқ”, – деп түсіндірді Луина.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау