Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Питбуль иті метроның қақ ортасында әйелдің аяғын тістеп, жібермей қойды (видео)

Питбуль иті метрода әйелдің аяғынан тістеп алды. Абдырап қалған жолаушылар айқайға салып, әйелге көмектесуге тырысты. Алайда олардың бұл қылығы жағдайды одан әрі ушықтыра түсті.

Питбуль иті метроның қақ ортасында әйелдің аяғын тістеп, жібермей қойды

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жолаушылар итті бақылауды ұстап тұруды талап етіп, жануар иесіне тап берген.

«Итіңді ал», – деп бірі бұйырса, екіншісі: «полицияға хабар бер», – деп шамданған. Тағы бір жолаушы ит иесіне ұрысса, екіншісі әйелге көмектесіп әлекке түскен. Біраз уақыттан кейін «қырсық» ит әйелді жіберген.

Оқиға Америкада орын алған. Көп ұзамай қоғамдық көлік басшысы аталған жайтқа қатысты мәлімдеме жасады.

“Видеода болған оқиға ережеге қайшы. Біз бұл істі бақылауға аламыз”, – деді ол.

Тағы оқыңыз: 

Бойжеткен найза ату ойынын ойнап, көзінен айырылып қала жаздады (фото)

Әкесі садақтың көмегімен ұлының тісін жұлып, оны видеоға түсіріп алды

Басына ит құлаған бойжеткен есінен танып құлап қалды (видео)

Талқылау