Пингвиндердің қанды қырғыны желі қолданушыларын шошытты
National Geographic жариялаған ролик желі қолданушыларын таңдандырды әрі шошытты. Видеода екі пингвин бір-бірін аямай шұқып, нағыз қанды төбелес жасаған.
Каналдың Твиттер-аккаунтында жарияланған бейнежазбаға екі тәулік ішінде 240 мың ретвит жасалып, 300 мың лайк қойылған.
Ролик түсіндірмесінде пингвин өзінің ұрғашы жұбын туысымен бірге көріп қалып, оған шабуыл жасаған деп жазылған. Нәтижесінде бірер минуттан соң екі құс та қанға малынған.
Ал желі қолданушылары болса мұндай видеоны телеарна эфирінен көрсетуге болмайды деп санайтындықтарын айтқан.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"