Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлдық азаматша почта арқылы Шудан есірткі тасымалдаған

Петропавл полицейлері 43 жастағы есірткі тасымалдаушыны ұстады. Ол есірткіні Шудан почта арқылы алдыртыпты.

8388803

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлап отыр. Күдіктінің Уәлиханов көшесінде орналасқан пәтерінен 16 келі кептірілген марихуана мен 500 грамм гашиш табылған. Сондай-ақ, қылмыстық әрекетті айғақтайтын басқа да заттар тәркіленген.

ІІД хабарлауынша, есірткі өнімдерін 43 жастағы азаматша Жамбыл облысы, Шу ауданынан почта қызметі арқылы алдырған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297 бабы 3 бөлімі (есірткі өнімдерін ірі көлемде заңсыз дайындау, тасымалдау, сақтау) негізінде сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды.

Кінәсі дәлелденген жағдайда ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталған адам қазір тергеу изоляторында тұтқында отыр.

Талқылау