Петропавлда құрылыс алаңынан бірнеше адамның қаңқасы табылды
Петропавлда құрылыс жұмысы жүріп жатқан жаңа мектеп аумағынан бірнеше адамның қаңқасы табылды. Құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан бульдозердің табанына сүйек қаңқалары ілінген, деп хабарлайды КТК арнасы.

“Қазып жатыр едім, адамның бас сүйегін байқап, техниканы өшірдім. Жақындап қарасам, қо- аяқтардың да сүйегі лай болып жерден шошайып шығып тұр. Дереу тәртіп сақшыларын шақырдым”, – дейді бульдозер жүргізушісі Алексей Гончаров.
–
Полицейлер 8 адамның сүйегін тапқан. Қазір медициналық-криминалдық сараптамаға жасалып жатыр. Алдымен қаңқаларды жер астында қанша уақыт жатқаны тексеріледі. Сүйектер ескі көрінгенімен, жақсы сақталған. Адам қаңқаларының қайдан пайда болғанын тарихшылар да зеттеп көрмек. Адам сүйектері азамат соғысы жылдары осы маңдағы шайқаста қаза болғандар болуы мүмкін деген болжам бар.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"