Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда екі күн бойы атыс болып, 19 жастағы жігіт аяғынан айырылды (видео)

Петропавлда болған атысты алғашында тұрғындар экстремистердің әрекеті ме деп үрейленіпті. Сөйтсе, бейбіт күнде шаһарды басына көтеріп, тапаншамен оқ атқандар қаланың жастары екен.

da61db8a-c94b-4d14-8e91-e7b586a3952f

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Адам шығыны болмаса да, жараланғандар бар. 19 жастағы бір жігіт аяғынан айырылып қалды. Полицейлер қылмысқа қатысы бар деп үш күдіктіні ұстапты. Алайда, зардап шеккен баланың ата-анасы нағыз қылмыскер бостандықта тайрандап жүр дейді.

Қаладағы түнгі клубтардың бірінде болған текетірес 19 бен 21 жас арасындағы азаматтардың арасында болған. Жаға жыртыс кезінде бірі травматикалық тапаншамен оқ жаудырады. Қолына тиген оқтан Ербол Хамитов қан жоса болып жарақат алған дейді жақындары.

“Ол шалбарының ішінен тапаншаны алып шығады да, құдды тышқандарды өлтіріп жүрген адам сияқты атып тастайды. Сөйтеді де, түк болмағандай кете береді”, – дейді Ерболдың әкесі Ғалымкерей Құсайынов.

Жақындарының сөзінше Ерболды екінші күні сөзбе-сөз әңгімеге шақырып, бірақ бұл жолы пневматикалық тапаншамен аяғынан атқан. Оған қоса жуан таяқпен соққының астына алып, жалғыз жігітке үшеуі бас салған. Ауыр халде ауруханаға түскен Ерболға тез арада ота жасалып, өмірін аман сақтап қалған.

“Сол жақ аяғын кесіп алып тастауға тура келді. Өйткені, аяғы жансызданып кеткен. Қанды көп жоғалтқан. Ес-түссіз жатыр”, – дейді №1 қалалық аурухананың бас дәрігері Галина Мәметова.

Қазір полиция іске қатысты үш адамды ұстаған. Ал туыстары нағыз оқ жаудырған азамат бостандықта жүр дейді.

Оқи отырыңыз:

БҚО-да өрт кезінде 200 бас мал тірідей жанып кетті (видео)

Шымкентте 16 жастағы жігіт күйеуі ұрған әйелге араша түсемін деп ажал құша жаздады

Ақтауда қыз бен жігіт суға батып кетті (видео)

Ақтөбеде балабақшада бір жарым жасар қызды ит талады

Талқылау