Петропавлда екі баласымен бірге мерт болған әйел қайтыс боларын алдын ала сезген
Петропавлда мүгедек ана екі баласымен бірге көз жұмды. Олар өртте шыққан иістен уланып қалған, деп хабарлайды КТК.

Көршісі Татьяна Гузалинаның айтуынша, марқұм әйел үйіндегі пешінің дұрыс емес екенін, ыстан уланып өлетін секілді сезімде жүргенін талай айтқан екен.
40 жастағы әйел мен 4 жастағы қызы мен баласы бірге тұрған. Күйеуі екі жыл бұрын қайтыс болған. Әйелдің өзі мүгедек болған, балдақпен жүрген. Тұрмысына көршілері көмектесіп келіпті. Алайда өрттен аман алып қала алмады. Түнгі уақытта өрт шығып, үшеуі де иістен уланып қалған.
Болжам бойынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан басталған.
Тағы да оқыңыз:
Елбасының тапсырмасынан кейін мәжілісте ұлты басқа депутаттар жаппай қазақша сайрап кетті
Алматыда балалар үйінде өскен жеткіншек туған әке-шешесін іздеп жүр
Елімізде оқушыларға үзіліс кезінде асық ойнауға кеңес берілді
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді