Петропавл тұрғыны тапа-тал түсте мешіттің құрылыс материалдарын ұрлап кеткен

Петропавл қаласының тұрғыны тапа-тал түсте жаңа тұрғызылып жатқан мешіттің құрылыс материалдарын ұрлап кетті. Ешкімнен жасырынбастан мешіт құрылысына арналған материалдарды алып кеткен ұрыны құрылысшылар тоқтата алмаған. Сол кезде жұмысшылар құрылыс алаңында жұмыс істеп жатқан болатын, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Олар ұрының арматура мен жаңадан әкелінген болат сымды алып бара жатқанын алыстан көріп қалған.

Аудан мен оның барлық тұрғындарын жақсы білетін аудандық инспекторлар Анатолий Колыванов пен Нұрлыбек Құбенов күдіктіге берілген белгілерге сәйкес ұрыны қолға түсірді. Ол ішімдікке тәуелді деп тіркеуде тұрған Петропавл қаласының 44 жастағы тұрғыны екен.

Ер адам мешіт құрылысына арналған материалдарды ұрлағанын жоққа шығармады. Ұрланған құрылыс заттары иелеріне қайтарылды. Ал күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы «Ұсақ ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 44 жастағы тұрғын 100 АЕК дейін айыппұл төлеуі немесе 45 күнге дейін қамауға алынуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Танымал актер Сейфуллин көшесіндегі қыздардың білімін тексерді

Қарағандыда ауылды жекешелендіріп алған кәсіпкер халыққа тиесілі мүліктерді саудаға салуда

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар