Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перуде 5 жасында тұңғышын босанған ең жас ана көз жұмды

Перуде адамзат тарихындағы ең жас ана Лина Медина қайтыс болды, ол 5 жасында бала туған.

01

Ғылымға кішкентай қыздың қалай жүкті болғаны, оны қалай көтеріп, сау баланы дүниеге әкелуі  әлі күнге   белгісіз күйінде қалып отыр.

Қыз 5-ке толғанда, ата-анасы оның ауруханаға әкеледі. Олар қыздың асқазанында ісік бар деп ойлаған, алайда тексеру барысында баланың дені сау екені, оның 7 айлық жүкті екені анықталған.

5 жасар қыз 1939 жылы 14 мамырда кесар тілігі көмегімен босанады. Жас анадан ер бала туып, Жерардо деген есім беріледі.

Лина Медина бойжетіп, тұрмысқа шығып, тағы да бірнеше баланы дүниеге әкеледі. Балалары оған немере, шөберелер сыйлады. Тұңғышы Жерардодан анасы 40 жыл ұзақ өмір сүріп, 2015 жылғы 8 қарашада 82 жасында өмірден озды.

 

Талқылау