Педофилдерді “піштіру” жазасы 2018 жылдан бастап қолданылатын болды

Дүйсенбі, 5 Қыркүйек , 2016 16:41

Қазақстанда кәмелет жасқа толмағандарға сексуалдық сипатта зорлық көрсету айыбы бойынша сотталғандарды “химиялық піштіру” жазасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады, деп хабарлады бас прокуратура. Сот шешімі бойынша қолданылатын мұндай препарат жыныстық құмарлықты тежейді.

педофил

Бұл туралы Орталық  Азия жаңалықтары жазды.

Бас прокуратураның хабарламасы бойынша, соңғы бес жылда кәмелет жасқа толмағандар мен кішкентай балаларды зорлау қылмысы үшін түрлі жылдарға соттап келді. Мекеме мәліметі бойынша, биыл мұндай қылмыс көрсеткіші шамамен екі есеге азайған – 148-ден 75-ке дейін. Дегенмен прокуратура жағдайды “күрделі” деп сипаттады.

Бас прокуратура мәліметі бойынша, биыл кішкентай балаларды зорлау қылмысы бойынша 26 адам алтыдан 20 жылға дейін сотталды. Ал кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жасалған осындай қылмыс бойынша 46 адам түрмеге отырған. Олардың арасында кәмелет жасқа толмаған айыптылар 10 жылдан аз мерзімге сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.

Мамыр айында Қазақстан билігі кәмелет жасқа толмағандарға сексуалдық зорлық жасағандардың онлайн-базасын жариялады. “Педофилдер картасы” деп аталып кеткен базада осындай қылмыс үшін сотталғандар туралы мәліметтер жинақталған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Анонимно says:

    Саусакты да кесу керек. Олар пиштирумен тынышталад деп ойламаймын

  • Анонимно says:

    Неге казирден бастамайды.2018жылга деин неше булдиршиннин омирин ойрандайды гой.

  • Анонимно says:

    Өте дурыс

  • Анонимно says:

    Неге биылдан емес алде балдардын омири куртылганан кеин шара колданганан не паида

  • Анонимно says:

    Қыз зорлағыштармен педофилдер қатаң жаза тартылу керек, олар адам емес дарға аса салу керек,обалы жоқ малғунго олар.Сонымен қатар заңда пара алу жолымен исти жаба салмай Жоғарыдан қатаң қарап, автоматты түрде ату керек.Негізі баяғы заманда кінәсі дәлелден ген жағдайда асып өлтіру еді тарихи киноларда

  • Анонимно says:

    Оғандиын олар тайрандап жұрема тағы бір бүлдіршінің өмірін қорламауға кім кепіл береді. Ол жаза қолданған жағдайда да пара беріп құтылып кетпеуіне кім кепіл болады оған жауапты адам бола ма. Оданда ондай адамды ату керек тағы бір баланы өмірін қор қылады ондай адамдардан қоғамға пайдасы жоқ

  • Анонимно says:

    Не үшін 2018? Неге кəзірден бастамайт? Ондай адамдардың өмір сүруге ақысы жоқ. Бейкүнə сəбилердің өмірін құртып

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар