Педофилдер базасындағы сурет Алматы тұрғынын аң-таң етті

Бейсенбі, 26 Мамыр , 2016 12:54

Енді ғана құрылып, жұмысын жаңа бастаған пеодифилдер тізімі жинақталған базаға қатысты дау шықты. Тізімге кіріп кеткен Алматы тұрғыны, Бас прокуратура қателік жіберген деп, кешірім сұрауларын талап етуде.

4657576878

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Кенжебек Исламов жағдайды өзі түсінбей аң-таң болып қалған. Педофилдер жинақталған базадан суретін көрген туыстары мен достары Кенжебекке телефон соғып, мән-жайды сұрауға асыққан.

“Бұл өте ұят іс. Менің отбасым, таныстарым, туыстарым бар. Олар не ойлайды? Балалардың да көзіне қарау ұят. Бұл ақпараттың қайдан шыққанын да түсінбеймін. Менің суреттерім және барлық мәліметтер енді интернетте тұр”, – дейді ол.

Кенжебек бұрын сотты болғанын жасырмайды. 25 жыл бұрын бір іс бойынша сотталып, үш жыл түрмеде отырған. Бірақ, ол істің педофилияға қатысы жоқ дейді. Балаларды зорлау туралы базаға қайдан тап болғанын өзі түсінбей дал.

Бас прокуратура өз атына айтылған сыннан соң зерттеуді бастаған. Онда ер адамның “топтасып зорлау” бабы бойынша айыпталғанын айтқан. Ал зардап шегуші кәмілеттік жасқа толмаған қыз. Сол себепті Исламов қылмыстың 25 жыл бұрын болғанына қарамастан педофилдер картасына енгізілген.

“Зардап шегушінің жасы есепке алына отырып, кәмілетке толмаған қыз балаға қарсы құқық бұзушылық әрекетке барғаны үшін Исламов тізімге енгізілді”, – дейді Қазақстан Бас прокуратурасының құқықтық статистика комитетінің басшысы Құлжиян Жақиянова.

Картаға 1991 жылдан бері кәмілеттік жасқа толмаған балаларға сексуалдық мазмұнда зорлық көрсеткендер енгізілген. Жалпы 120 адам бар. Құқық қорғаушылар осындай тізім құрастыру үшін әр қылмыскер туралы мінездеме мен қажетті ақпараттарды жинап шыққан.

“Бұл адамдардың отбасы, балалары мен немерелері бар шығар. Егер олар сол қылмысты екінші рет қайталамаған болса, онда оларды бұл базаға кіргізбеу керек пе еді”, – дейді заңгер Рена Керимова.

Ал Кенжебек Исламов болса, өз аты-жөнін алып тастауды Бас прокуратурадан талап етіп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

скрин

Ғаламторда қазақстандық педофилдер жайлы мәліметтер мен суреттері пайда болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар