Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде намаз оқып тұрған азамат сәждеде көз жұмды
Наурыздың 12 күні Мадина қаласындағы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде дұға намазын оқып жатқан ер адам сәждеге бас қойған күйі көз жұмды.

Бұл туралы Сауд Арабиясының бірқатар баспасөз құралдары хабарлады.
Сауд Арабиясының Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Аджил» газетінің хабарлауынша, қаза болған ер адамға мешіт күзетшілері алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметін шақырмақ болған. Алайда олар ажалға араша тұра алмады.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде сәждеге бас қойған күйі жан тәсілім еткен азаматтың суреті әлеуметтік желілерде тез таралып, аз уақыт ішінде миллиондаған жан көріп үлгерген.
Мен бастапқыда пара спортшыларды мойындамадым – Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов
Мен үшін ең үлкен жол әлем мен Қазақстан тарихында қалу, ал сыйлық деген мен үшін екінші пландағы дүние – Ербол Хамитов
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан