Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық тоғыз жасар оқушы Ресейде қос аталым бойынша марапатталды

Ресей Федерациясының Чебоксары каласында өткен «Дарындылықтың қанатында» халықаралық фестивалінде Павлодар қаласынан қатысқан Полина Петрова қос аталым бойынша жүлдеге ие болды.

ымым

Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Облыстық білім беру басқармасы хабарлағандай, Полина эстрадалық вокал аталымында бірінші дәрежелі лауреат атанса, академиялық вокал аталымында екінші дәрежелі дипломмен марапатталған.  Полина Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің жеке және ансамбльде ән айту бөлімінің 3-сынып оқушысы. Ол Константин Меладзенің «Поля-Полюшка», В.Моцарттың «Тоска по весне» және И. Дунаевскийдің «Вольный ветер» опереттасынан «Песенка Пепиты» шығармаларын орындады.

Ұстаздары – Наталья Кабурнеева, Олеся Скорикова, сүйемелдеушілері – Гауһар Қасқырбаева және Ирина Петрова», – дейді вокал сыныбы бойынша педагог Наталья Георгиевна. Айта кетерлігі, Полина Петрова ел намысын қорғаған жалғыз қатысушы. Барлығы 9-12 жас категориясында әр республикадан 25 бала қатысқан. Жеткіншектердің өнеріне Мәскеу мемлекеттік мәдениет университеті және Қазан мемлекеттік консерваториясының қазылар алқасы баға берді.

Талқылау