Павлодарлық оқушы Гонконгте өткен халықаралық олимпиадада алтын иеленді

Жұма, 15 Шілде , 2016 11:44

Павлодарлық «Жас дарын» мектебінің 9-сынып оқушысы Мохаммед-Али Амир Гонконгте өткен халықаралық ІМО олимпиадасында математика пәнінен бірінші орын иеленді, – деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

жарыс жеңімпазы

«Жас дарын» мектеп директорының орынбасары Бәтима Әбдіжүсіпованың айтуынша, алғашында, кейбір мамандар Амирдың Қытайға баруына қарсы болған. – Себебі Гонконктегі олимпиаданың бағдарламасы 10-11 сынып оқушыларына арналған. Дегенмен, 9-сыныпта оқып жүрсе де, шәкіртіміз білімін дәлелдеп, әлемдік жарыста топ жарды.

Ол 28-маусым мен 8-шілде аралығында Алматы қаласында арнайы дайындықтан өтті. Біздің мектепке 5-сыныптан бері оқиды, – деді Бәтима Әбдіжүсіпова. Қытайдың Гонконг қаласындағы ІМО халықаралық олимпиадасы шілденің 10-15 аралығында өтті. Қазақстанның намысын қорғап жарысқа алты оқушы аттанып, бір алтын, бір күміс, үш қола медальге қол жеткізді.

“Америка, Франция, Қытай, Ресей және тағы да басқа алпауыт мемлекеттердің арасынан үздік шығып, еліміздің абыройын асырды. Жалпы, Амирмен 7-сыныптан бері жұмыс жасаймын. Өте дарынды оқушы”, – деп атап өтті Мохаммед-Али Амирдың мұғалімі Арыстан Текенов.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Талабыңа нұр жаусын! Өмір жасың ұзақ болсын! Аман бол айналайын!

  • Анонимно says:

    жарайсын, айналайын. Талабына нур жаусын, тил козден аман болсын! Осындай жаксы жаналыктар коп болсын. Казак елин осындай жаксы жактан танытатын урпак коп болсын!

  • Анонимно says:

    Жарайсың дар !

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар