Басты жаңалықтар
Дөңгелекке жел беріп жатқан: Павлодарлық жұмысшы дөңгелек жөндеу орнында қаза тапты
Павлодарда дөңгелек жөндейтін орындардың бірінде жүк көлігі доңғалағының жарылуы салдарынан жұмысшы қайтыс болды. Еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін кінәлілер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.
"16 шілдеде сағат 13:00-де Павлодарда Жібек жолы көшесіндегі дөңгелектер жөндейтін орында ауыр жүк көлігінің дөңгелегіне жел беру кезінде дөңгелек жарылып кеткен. 38 жастағы жұмысшы алған жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды", – деп хабарлады полиция.
Аталған факті бойынша "Еңбек қорғау ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыруы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұл факті бойынша кінәлілерді бес жылға дейін бостандықтарын шектеу немесе бас бостандығынан айыру я болмаса белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе үш жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу күтіп тұр.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған