Павлодардағы жол апатынан қазақтың ақын қызы қыршынынан қиылды

Жұма, 11 Қараша , 2016 16:29

Екібастұз-Павлодар тас жолының бойында жантүршігерлік жол апаты 4 адамның өмірін жалмады. Сондай-ақ, тағы бір адам ауыр жарақаттанды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20161111124143

Lada Priora автокөлігі Shacman маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға облыстағы Төртқұдық елді мекенінің маңында орын алған. Қатты соққыдан 41 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан Lada Priora көлігінің ішіндегі үш жолаушы оқиға орнында тіл тартпастан қаза тапқан. Ал, сол көлікте отырған 30 жастағы жолаушы әйел мен 41 жастағы азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, медициналық мекемеге жете салысымен-ақ, 30 жастағы әйел де бақилыққа аттанған.

Қайғылы оқиға қазақтың ақын қызы, әнші әрі сазгер Алмагүл Жүгінісованың да өмірін қиып кетті. Әлеуметтік желілерде өнер майталмандары, марқұмның туыс, таныс, дос-жарандары ақын туралы естеліктерімен бөлісіп, оқырмандарды еріксіз жылатуда.

Алмагүл Жүгінісова 1982 жылы Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы, Аралтоғай ауылында туған. Екібастұз қаласындағы №25 қазақ қыздар гимназиясын (1999 ж.), С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі мамандығы бойынша бітірген (2004 ж.). Екібастұз қаласындағы «Атамұра» мәдениет орталығында 2005 жылдан бері көркемдік жетекші болып қызмет істеді. «Жас толқын» жас ақындар клубының жетекшісі, тәлімгер ұстаз ретінде шығармашыл жастарды өнерге баулып, тәрбиелеуге зор еңбек сіңірді. Ақынның «Алма гүлдегенде» жыр жинағы жарық көрген (2015 ж.). Алмагүл Бауыржанқызы – Халықаралық, республикалық, облыстық айтыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы, жүлдегері, Павлодар облысы әкімінің гранты (2010 ж.), «Жігер» жастар сыйлығы (2010 ж.), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалы (2011 ж.), Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамотасы (2013), Түркітілдес халықтардың дүниежүзілік ІІ фестивалі /Түркия, Ерзурум/ (2009 ж.), Түркітілдес халықтардың ХХІ ғасыр ақындары мейрамы /Түркия, Анкара/ (2012 ж.), «Ұлы Жібек жолы ақындарының поэзия кештері» Х фестивалі /Түркия/ (2013 ж.) алғыс хаттарымен марапатталған. Марқұмның соңында зейнеткер анасы және кәмілеттік жасқа толмаған Мәдина мен Інжу атты екі бүлдіршіні қалған. Қазір жол полициясы осы оқиғаға қатысты сот алды тергеу бастап, бірқатар сараптамалар тағайындады.

Оқи отырыңыз: 

Павлодарда 7 жасар қыз анасынан соққы жегенін ұстаздарына айтқан

БҚО-да 1.5 жасар сәби қайнаған суға күйіп қалды

Желіде сәбиін аяусыз ұрып-соққан тағы бір безбүйрек ананың видеосы пайда болды (видео)

Қазақстандық дәрігерлер Ақтауда зорланған қызды бағаналық жасушамен емдеуден бас тартты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
19 күні 11 сағат кері

ИМАНЫ ЖОЛДАС БОЛЫП ЖАНЫ ЖҰ АҚТАН МЕКЕН ДЕСІН!!
АУМИН!

Анонимно
26 күні 22 сағат кері

Иманы жолдас болсын!!!

Анонимно
27 күні 15 сағат кері

Иманы жолдас болсын. Алдынан Алла Тағалам ақ күн жарылқағай!!! Сұм ажал-қаталсың сен

Анонимно
27 күні 17 сағат кері

йманды болсын артында қалған қос құлындарының өмірі узақ болсын ақынқыздың бейнесі қазақ қалқының бейнесіне мəңгі сақталады

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар