Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жеңгетайлықпен айналысқан 23 жастағы бойжеткен ұсталды

Күдікті, сондай-ақ, порнографиялық және контрафакт өнімдерін таратқаны үшін құрықталған 21 жастағы жігіттен лицензиясы жоқ, порнографиялық мазмұндағы 217 DVD-диск алынған.

02c64edf3e5ba50994c7c56c55d30b3f_XL

Бұл туралы Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды

Павлодар облысында өткізілген «STOP-трафик» жедел алдын алу шарасы аясында тәртіп сақшылары жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен 23 жастағы бойжеткенді ұстады. Күдікті бұл іспен айналысқаны үшін ер адамнан 10 мың теңге алған. – Ұсталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы, 1-бөлігі – «жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп жазылған хабарламада. Бұдан басқа, порнографиялық және контрафакт өнімдерін таратқаны үшін құрықталған 21 жастағы жігіттен лицензиясы жоқ, порнографиялық мазмұндағы 217 DVD-диск алынған. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 311-бабы – «контрафакт өнімдерін заңсыз тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Алынған дискілер бойынша сараптама тағайындалды.

Талқылау