Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жасөспірімдер даяршыға ұрланған ақшадан 100 доллар шай-пұл берген

Екі жасөспірім танысының үйінен 11 доллар ақшаны ұрлап, өз қажеттеріне керегінше жаратқан.

c1443d3e20d6228ab18ea463fa5cfed2

Сурет: well03.ru 

Бұл туралы облыстық кәмілет жасқа толмағандар ісін қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәлімет бойынша,  15 және 17 жастағы жасөспірімдер кәмілетке толмаған қызбен сөйлесіп жүріп оның үйінде ата-анасының ақшасы бар екенін естіген. Оны бірі қызбен сөйлесіп тұрған уақытта екіншісі үйдің кіре-берісінде тұрған кілтті алып көшірмесін жасап алған. Ертесіне үйде ешкім жоқтығын пайдаланған олар үйді көшірме кілтпен ашып, үйдегі 11 мың доллар ақшаны ұрлап кеткен. Барлығы 3 377 880 теңгені қажеттеріне жұмсап, қымбат киім алып, сауна мен пәтерге төлеген. Даяршыға 100 долларды шай-пұл ретінде берген.

Сот «Ірі көлемде ұрлау» бабы бойынша айыпталып, оның үлкенін шартты түрде 3 жылға, екіншісін бас бостандығынан айыруға шешім шықты.

Сондай жәбірленушінің тарапына моральді өтемақы ретінде 377 мың 880 теңге өндіріледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау