Павлодарда жасөспірімдер даяршыға ұрланған ақшадан 100 доллар шай-пұл берген
Екі жасөспірім танысының үйінен 11 доллар ақшаны ұрлап, өз қажеттеріне керегінше жаратқан.
Сурет: well03.ru
Бұл туралы облыстық кәмілет жасқа толмағандар ісін қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
Мәлімет бойынша, 15 және 17 жастағы жасөспірімдер кәмілетке толмаған қызбен сөйлесіп жүріп оның үйінде ата-анасының ақшасы бар екенін естіген. Оны бірі қызбен сөйлесіп тұрған уақытта екіншісі үйдің кіре-берісінде тұрған кілтті алып көшірмесін жасап алған. Ертесіне үйде ешкім жоқтығын пайдаланған олар үйді көшірме кілтпен ашып, үйдегі 11 мың доллар ақшаны ұрлап кеткен. Барлығы 3 377 880 теңгені қажеттеріне жұмсап, қымбат киім алып, сауна мен пәтерге төлеген. Даяршыға 100 долларды шай-пұл ретінде берген.
Сот «Ірі көлемде ұрлау» бабы бойынша айыпталып, оның үлкенін шартты түрде 3 жылға, екіншісін бас бостандығынан айыруға шешім шықты.
Сондай жәбірленушінің тарапына моральді өтемақы ретінде 377 мың 880 теңге өндіріледі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
